Балаларды қуантты

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің  «Мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінде» Сарқан ауданы бойынша есепте тұрған 62 мүмкіндігі шектеулі  балаларға           «Жаңа Жыл»  мерекесіне «Абдрахимов ЖШҚ-ның» демеушілігімен қайырымдылық көрсетіліп, үйлеріне тәттілер таратылды.

Аудандық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Кенжетай Тазабекованың бастауымен 20 мүмкіндігі шектеулі балаға  Жаңа жылдық тәттілер таратылды.    Ата-аналар атынан Абдрахимов Мират Хаматаевичке және Іскер әйелдер кеңесіне  шексіз алғысымызды білдіреміз. Екіаша ауылына жылдар бойы демеушілік көрсетіп келе жатқан, биыл да Екіаша ауылының мүмкіндігі шектеулі балаларын тәтті сыйлықтармен қуантқан Догаманов Тілеужан Қосанұлы мырзаға да алғысымыз шексіз.

Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, шаттық-береке, мол табыс, Алла Тағаланың шексіз мейіріміне бөленіңіздер.  Барлық балаларды қараусыз қалдырмай, көңіл бөліп, қол ұшымызды беріп отырсақ, еліміздің болашағы жарқын болатынына кәміл сенеміз!

Б. Турганбай,                

мүмкіндігі  шектеулі балаларға   үйде

әлеуметтік көмек көрсету    бөлімшесінің консультанты.

Мәліметпен бөлісу: