
Таңмен таласа оянған тұрғындар дауыс беру үшін мектепке қарай бет алды. Ата Заңның маңызын терең түсінген ауыл халқы, азаматтық белсенділіктің үлгісін көрсетіп отыр.

Жаңа Конституция бірліктің кепілі екенін түсініп, белсенділік танытып, көпшілікке үлгі болған отбасылар да бар. Соның бірі, Тасыбаевтар әулеті, ортақ шаңырақтан 40 ға жуық мейман келіп, дауыс беруде. Көш басында, немере-шөберелерін жетектеп келген Күлбағира анамыз. 11 баланы өмірге әкелген алтын алқа иесі, бүгінде 88 жасқа табан тіреген. Осы күні 31 немере 42 шөбере сүйіп отыр. Тәрбиелеген ұл-қыздары әр салада еңбек етіп, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп жүрген азаматтар.

Айта кетейік, бүгін №147 сайлау учаскесінде 500-ден аса тұрғын өз таңдауын жасап, Референдумның маңыздылығы туралы пікір алмасып қайтты. Бұл – елдің ертеңіне бейжай қарамайтын халықтың жауапкершілігі. Осындай ынтымақ пен бірлік бар жерде ел дамуы қарқынды болары рас. Қазіргі таңда Балпық ауылдық округі жақсы дамып келеді. Жылдан-жылға су жаңа нысандар бой көтеріп, жұмыс орындары көбейіп жатыр. Жастардың саны да кем емес, керісінше туған жерге ту тігемін дейтін өскелең ұрпақ жетерлік.
- Округ бойынша тұрғындар саны — 2069
- № 147 учаскесінің сайлаушылар саны – 723
- Дауыс беру уақыты сағат – 11:00
Қосымша ақпарат үшін:
Қаратал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі: 8 747 964 59 04
