
«Өмірдің бір қызығы – бала деген». Бұл әрбір жанның жүрек түкпірінде, көңіл қалтарысында жүретін өмірлік қағида кілті. Себебі адам өмірінің мәні мен сәні де – бала. Бала – отбасының мызғымас тірегі, ертеңге деген сенімінің кепілі. Биыл мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жыл “Балалар жылы” деп жариялады.
«Балалар жылы» аясында Сарқан аудандық білім бөлімі мен балалар шығармашылық үйінің ұйымдастыруымен мерекелік шаралар өтті. Орталық саябақта “Жұлдызды сәт” атты мерекелік концертке балалар шығармашылық үйі және қала мектептерінің кішкентай өнерпаздары қатысты. Ал, арбат аллеясында «Бояулар құпиясы» атты асфальтта сурет салу байқауы өтті. Шара соңында іс – шараға қатысқан балаларға демеушілер мен білім бөлімі тарапынан балмұздақтар таратылды. Жадыраған жаздың алғашқы күніндегі ең көркем, ең мейірімді мейрамы құтты болсын!
Өз тілшіміз.