
Елді мекеннің тазалығы мен көркейіп, абаттандырылуы – баршаға ортақ міндет. Осы бағытта аудан аумағындағы барлық мекеме мен ұйым қызметкерлері тазалық жұмыстарына белсенді атсалысып келеді.
Ұжымдар өздеріне бекітілген аумақтарды тазалап, аулалар мен көшелерді ретке келтіру, қоқыстарды жинау, қоршаған ортаны абаттандыру жұмыстарын жүргізуде. Мұндай игі шаралар елді мекеннің санитарлық жағдайын жақсартуға және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Тазалық жұмыстарына мекемелердің бірлесе қатысуы – ортақ жауапкершіліктің көрінісі. Әрбір ұжым өзіндік үлесін қосып, қоршаған ортаны таза ұстауға мән беруде.
Сондай ұжымдардың бірі «Жанұя отбасын колдау және белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы бір адамдай бірлесіп «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында сенбілік жұмыстарына қатысты.
Сенбілік барысында орталық аумағы тазаланып, абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді.
Тазалық – бір күндік жұмыс емес. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады. Әр мекеме мен әр тұрғын тазалықты сақтауға жауапкершілікпен қараса, туған өлкеміздің көркі одан әрі ажарлана түсетіні сөзсіз.
