Бас прокуратурамен әлеуметтік желіде «Қазақстанның демократиялық таңдауы» экстремистік ұйымының арандату хабарламалары мен бейнероликтерінің тарағаны анықталды.
Онда аталған ұйымның басшысы Мұхтар Әбілязов пен оның сыбайластары Қазақстан азаматтарын 2018 жылғы 23 маусымда митингтерге шығуға шақырады.
«ДВК-ның» идеялары мен митингтерді үгіттеу үшін Әбілязовқа шетелде қазақстандық сот төрелігінен жасырынып жүрген Жанар Ахметова, Бота Джардемали және басқа адамдар көмектесуде.
Олардың іс жүзіндегі мақсаты – қылмыстық қудалауды саясаттандырып, Қазақстанда ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасағаны үшін жауаптылықтан жалтару.
Жарияланған бейнероликтерді түсіру үшін Әбілязовтың ақшасына Киев қаласында жарнамалық агенттік және азияттық келбеті бар кәсіби актерлар мен модельдер жалға алынған.
Негізінде олар Қазақстан Республикасының азаматтары емес.
Бейнероликтердің мазмұны шындыққа жанаспайды және қазақстандық қоғамда әлеуметтік алауыздық пен араздықты тудыруға бағытталған.
Үстіміздегі жылдың 12 маусымында «Ютуб» каналында «Мұғалімдер Әбілязовтың митингісіне шығады» деген бейнероликте «қазақстандық жас мұғалім» рөлін Киев қаласында таңдалған актриса ойнаған.
«Ютубтың» басқа бейнематериалында, Қазақстанда жұмыс істейді деген және халықты 23 маусымда митингке шығуға шакырған жас жігіт — Әбілязовтың туған жиені Айдар Амангельдиев болып табылады. Ол Қазақстаннан 2009 жылы көшіп кеткен.
Қазіргі уақытта ол Шотландияның қымбат университеттерінің бірі — «Глазгоу Каледонианың» студенті. Бұл университетте жыл сайынғы оқып тұру төлемақысы 20 мың стерлинг фунтты немесе 9 млн теңгені құрайды.
Сотпен 2018 жылғы 13 наурыздан бастап Қазақстан Республикасының барлық аумақтарында «ДВК-ның» іс-әрекетіне тыйым салынғанын естеріңізге саламыз.
Бас прокуратура «ДВК-ның» экстремистік әрекетіне кез-келген қатысу және оны қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 258 және 405-баптарына сәйкес қылмыстық жауаптылыққа тартылатынын қайталап түсіндіреді.
Митингтерге қатысуға шақыру үгеттеулері «Бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» Заңның ережелерін бұзады.
Ашық акцияларды өткізу үшін 10 күн бұрын тиісті арыз бере отырып, жергілікті атқарушы органның рұқсатын алу қажет.
Бүгінгі таңда әкімдіктерге үстіміздегі жылдың 23 маусымында митинг өткізу туралы арыздар түспеген.
Осыған байланысты, митингтер заңсыз болып табылады, оларды ұйымдастыру мен оған қатысқаны үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 488-бабына сәйкес жауаптылық, оның ішінде 15 тәулікке қамауға алу көзделген.
«Прокуратура туралы» Заңмен көзделген өкілеттіктерді пайдаланып, барлық азаматтарды заңдылықты және қолданыстағы қазақстандық заңнаманың талаптарын қатаң сақтауға, арандатушылыққа және құқық бұзушылыққа жол бермеуге шақырамыз.
Қзақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.