
Еліміздің тұрғын үй саясаты тұрғындардың өмір сапасын жақсарту және олардың баспанаға қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылып келеді.
Тұрғын үй саясаты арқылы мемлекет халықтың әл-ауқатын жақсартып, урбанизация процестерін реттеп, әлеуметтік теңсіздікті төмендетуге тырысады. Мемлекетімізде тұрғын үй саясаты бірнеше бағытта жүзеге асырылады, оның ішінде мемлекеттік бағдарламалар, ипотекалық несиелер, әлеуметтік баспана салу және жеке сектордың қатысуы ерекше рөл атқарады.
Сондай-ақ 2024-2025 жылдары Сарқан қаласында 120 пәтерлі 2 5 қабатты тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Тағы бір айта кететін қуанышты жәйт алғашқы рет аудан орталығы Сарқан қаласында несиелік 5 қабатты 2 тұрғын үйдің құрылысы биылғы жылы басталды.
