
«AMANAT» партиясының бастауыш ұйымдарына арналған екі күндік семинар-тренинг өз жұмысын аяқтады. Форумға өңірден бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен белсенділері қатысып, ұйымның әлеуетін арттыру, тиімді коммуникация және көшбасшылықты дамыту мәселелері талқыланды, қатысушылар партияның негізгі бағдарламалық құндылықтарын ортаға салып, саяси белсенділікті арттыру жолдарын қарастырды.
Шара барысында бастауыш партия ұйымының төрағаларына партиямыздың құндылықтарын дәріптеуге, ұйымшылдық пен азаматтық белсенділіктің жарқын үлгісін көрсетуге қосқан үлесі үшін «AMANAT» партиясы атқарушы хатшысының алғыс хаттарымен марапатталды. Сонымен қатар екі күндік форумға белсене қатысқаны үшін алғыс хаттар мен арнайы сертификаттар табысталды.
«AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалының төрағасы Арыстанғали Арын айтуынша:
- «Бастауыш партия ұйымдары – партиямыздың тірегі. Сіздер арқылы халықпен тікелей байланыс орнатылып, азаматтардың мәселелері дер кезінде көтеріліп, шешімін табады. Сондықтан біз үшін әрбір бастауыш ұйымның әлеуетін арттыру аса маңызды»-дейді ол.
Шара соңында Талдықорған қаласының күніне орай бастауыш партия төрағалары мен белсенділер «QAZAQSTAN» жазуы бейнеленген шарларды әуеге ұшырды.
Ұлттық бірегейлікті айқындайтын жаңа бастама – «QAZAQSTAN» жазуын ұлттық брендке айналдыру бойынша ақпараттық-насихат жұмыстары бастау алды.
Бұл символикалық шара тәуелсіздік пен бірлікті дәріптеуге, жаңа дәуірдің бейнесін қалыптастыруға бағытталды.