Бастауыш пен орта буын сабақтастығы

Елбасымыздың Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру бағдарламасында айтылғандай білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу-біздің қанымызда бар қасиет, ендеше елінің ертеңін сеніп тапсыратын ұрпақ тәрбиелеу бүгінгі ұстаздар қауымының алдына қойған мақсаттары мен игі істерінің бірі деп айтуға болады. Осындай тағылымы мол бас қосу Тасарық орта мектебінде Ақсу және Сарқан аудандарының мұғалімдерімен «Шағын жинақты бастауыш және орта мектептер жағдайындағы сабақтастық» тақырыбында дискуссиялық алаң өткізілді.

Облыстық әдістемелік кабинеттің әдіскерлері Ж.Дихамбаева мен Р.Тумаевалардың ұйымдастыруымен «Бастауыш пен орта буын сабақтастығы: Қалай? Не үшін? Неліктен?» тақырыбында панельді сессия ұйымдастырылса, аудандық әдістемелік кабинетінің әдіскерлері Б.Акимбаева мен А.Қалабаева «Орта буында кездесетін қиындықтар және оны жеңу жолдары» туралы өз тәжірибесін ортаға салып, жаңару жағдайында педагогтарға ғылыми-әдістемелік көмек көрсетті. Тасарық орта мектебінің педагог-психологы А.Ермухамбетова «Орта буындағы оқушылар статусы» тақырыбында педагогикалық-психологиялық жұмыс жоспарымен таныстырып, жиналған әріптестерінің сұрақтарына кеңес бере отырып, пікірлерімен бөлісті. Педагогтар әр түрлі топтарға топтасу арқылы «Бастауыш сынып пен орта буын сабақтастығы», «Бастауыш сынып оқушыларының орта буынға көшкенде кездесетін қиындықтары», «Бастауыш буынның орта буынға бейімделуі» бойынша мектеп тәжірибесінен постер сессия қорғады. Семинар қорытындысы бойынша «Екі жұлдыз бір тілек» арқылы кері байланыс ұйымдастырылып, қатысушылар өздерінің іс-тәжірибелеріне керекті ақпараттар алғандығы жазылып, ұйымдастырушыларға деген үлкен ризашылығын білдірді.

М.ТУЯКБАЕВА,

Тасарық орта мектебінің оқу ісінің меңгерушісі.

Мәліметпен бөлісу: