Басты бағыт азаматтардың әл-ауқатын жақсарту

Еліміздің экономикалық стратегиясының негізі – азаматтардың әл-ауқатын жақсарту. Бұл әлеуметтік қолдау мен реформалардың маңызды шараларында көрініс табады.
 
💰Әлеуметтік төлемдер және зейнетақыны көбейту
 
2024 жылы мемлекеттік бюджеттің жартысынан көбі әлеуметтік салаға бағытталды.

🔵Қаңтар айында зейнетақының кезекті рет өсті: базалық – 7%-ға, ал ынтымақтастық – 9%-ға артты.

🔵Жинақтаушы зейнетақы алатын 459 мың адамды қосқанда, 2,4 млн-нан астам зейнеткер қамтылды.

👤Ең төменгі жалақы және жұмыспен қамту

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы 85 мың теңгеге дейін көтерілді, бұл шамамен 1,8 млн адамды қамтыды. Бұдан басқа, 600 мың мемлекеттік қызметші үшін жалақыны кезең-кезеңімен 20%-ға арттыру жүргізілді. Жұмыспен қамту бағдарламалары 845 мыңнан астам азаматты, соның ішінде жастар мен ерекше қажеттіліктері бар адамдарды жұмысқа орналастыруға мүмкіндік берді.

К. ҚАЛИЕВА,

Ана медиатор, аудандық Аналар кеңесінің төрайымы.

Мәліметпен бөлісу: