Басты мақсат экономиканы нығайту

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бейнебайланыс арқылы Парламент Мәжілісінің отырысына қатысып, жаңа Премьер-Министрді тағайындады.

Мәжілістің жалпы отырысына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев, Президент Әкімшілігінің басшылығы, Республика Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының міндетін атқарушылар, облыс  әкімдері қатысты. Еліміздің жаңа тағайындалған Премьер-Министрі Әлихан Смаилов жиын барысында Үкіметтің алдағы жұмыс жоспарымен таныстырды. «Қазіргі кезде Мемлекет басшысының жетекшілігімен елдің егемендігі мен ұлттық қауіпсіздікті, бейбітшілік пен келісімді нығайтуға, халық үніне құлақ асатын мемлекетке бағытталған өзгерістер жүзеге асып жатыр. Азаматтардың заңды талаптары ескеріліп, іске асатын болады. Қасым- Жомарт Кемелұлы елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру, халықтың тұрмысын жақсарту туралы тапсырмаларыңыз Үкімет үшін басым міндет болады»-деп атап өтті. Үкімет жұмысының басты мақсаты – экономиканы нығайтып, халықтың әл-ауқатын арттыру. Сондықтан осы мақсатта алда қыруар жұмыстар атқарылады деп ойлаймын.

С. ДЮСЕХАНОВА,

Н. Островский атындағы мектеп-лицейдің мұғалімі.

Мәліметпен бөлісу: