Басты мақсат ел болашағын жалғастырар ұрпақ тәрбиелеу


Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша. Мектеп қазіргі қоғамның дамуымен, әлеуметтік тәжірибемен тығыз байланысты. Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады. Адамзат баласы білім алу арқылы дүниенің тылсым сырларын оқып үйренеді, болашағына жол ашады. Білім жолы мектептен басталады. Оқушы мектеп табалдырығын аттап, білім, тәрбие алып, қияға қанат қағады. Мамандық иесі болып, еліне, халқына қызмет етеді. Адам тәрбиесі – оның дүниетанымының негізі, бақытты болашағының кепілі. Оның ең маңызды серіктері – адамдарды түрлендіретін, ішкі дүниесін байытатын қасиеттер. «Ұядан не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» – дейді халық. Еліміз егемендік алып, өз мәртебесі биіктей түскен шақта ең алғашқы алға қояр міндеттің бірі – бала тәрбиесі – егеменді еліміздің болашағын жалғастырушы ұрпақ тәрбиелеу. Ал сол жас ұрпаққа тәрбие беретін бүгінгі ұстаздар қауымы тәрбиелеу мен білім берудің жаңаша жетілдірілген әдіс–тәсілдерін іздестіріп, күнделікті жұмыс барысында жаңашыл бағыттар қарастырып, оны өздерінің іс–тәжірбиесінде қолданып отырса, бала тәрбиесі алға басары сөзсіз.

Ж. МҰҚАШЕВ,

Сарқан ауданының құрметті азаматы.

Мәліметпен бөлісу: