Батыр аналарға үй берілді

Осыдан біраз жыл бұрын төртем тапқан келіншектер туралы газет беттерінен оқып отырып, бір баланың өзін қатарға қосудың өзі ана үшін аз уайым емес екенін ойлағанбыз. Әке-шеше әрбір перзенті үшін шыбын жанын шүберекке түйіп жүріп, тілекші, тәрбиеші, асыраушы болатынын айтудың өзі артық. Дүниеге әкелген балаларының санын көбейтіп, «Алтын алқа», «Күміс алқа» тағып отырған аналарымызды Алла жарылқасын!

Сондай батыр аналарымыз Сарқан ауданына қарасты Лепсі ауылында да бар. Көп балалы батыр аналарымызға мемлекет тарапынан үй берілді. Батыр аналар: Жанар Акишева 6 баланың анасы, Қарақат Жадикова 5 баланың анасы, Асель Жаилова 6 бірдей періштелердің анасы. Мемлекет тарапынан көрсеткен көмектеріне, батыр аналарымыз өздерінің үйлерін көріп дән риза.

Мадина АЙТОВА.

Лепсі ауылы.

Мәліметпен бөлісу: