Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі

Сарқан ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар мен пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі — Заң) 8-бабы 2-тармағының 1), 2) тармақшаларына сәйкес, Сарқан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, олардың шекті толу нормалары және де материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес;

2) Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2. Заңның 9-бабы 5-тармағына сәйкес пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары кемінде 800 метр арақашықтықта айқындалсын.

3. «Сарқан ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар мен пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» 2020 жылғы 18 қыркүйектегі №87-338 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №146777 тіркелген) Сарқан аудандық мәслихатының шешімін күші жойылды деп танылсын.

4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

шешіміне қосымша

Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі.

Осы бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі Заңның 8-бабына сәйкес әзірленді және бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін айқындайды.

Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар – Сарқан ауданының жергілікті өкілді органы бейбіт жиналыстар өткізу үшін айқындаған жалпыға ортақ пайдаланылатын орындар немесе жүру маршруты.

Бейбіт жиналыстарды өткізуге арнайы орындарда — сипатына қарай бейбіт, күш қолданылмайтын және қаруланбайтын, мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулық сақтау, халықтың имандылығын, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделеріне қатер төндірмейтін болып табылатын, Қазақстан Республикасының азаматтары жиналыс, митинг пен демонстрация, шеру мен пикеттеу нысанында өткізетін жария іс-шара.

Заңды бұза отырып, жиналыс, митинг, демонстрация, шеру және пикеттеу өткізуге тыйым салынады.

Төтенше, соғыс жағдайы немесе терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимі енгізілген кезде олардың қолданылу кезеңінде бейбіт жиналыстар өткізуге «Төтенше жағдай туралы«, «Соғыс жағдайы туралы» және «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тыйым салынуы немесе шектеу қойылуы мүмкін.

Бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті уақыты бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды.

Бейбіт жиналыстар өткізу үшін арнайы орындарды пайдаланған кезде ұйымдастырушылар және қатысушылар Заңның 5 және 6-баптарының талаптарын сақтау қажет.

шешіміне қосымша

Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, олардың шекті толу нормалары және материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

Елді мекен Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар Шекті толу нормалары Материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
1 Сарқан қаласы «Құман Тастанбеков атындағы Сарқан ауданы әкімінің аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының алдындағы алаң, Чепрасова көшесі, 18 А 200 адам — жарықтандыру;
— электр қуат көзіне қосылу нүктесімен қамтамасыз ету;
— бейнебақылау және бейнетүсірілім камерасымен қамтамасыз ету.
2 Сарқан қаласы Шеру мен демонстрация маршруты — «Жеңіс» саябағынан Чепрасова көшесінің бойымен «Құман Тастанбеков атындағы Сарқан ауданы әкімінің аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының алдындағы алаңға дейін 100 адам — маршрут бойындағы көшенің жарығы бар;
— бейнебақылау және бейнетүсірілім камерасымен қамтамасыз ету.

Мәліметпен бөлісу: