Бейбітшілік бесігі – Қазақстан

1991 жылдың 16 желтоқсаны жұлдызымыз жанған күн болып есептеледі. Әлем картасында  жаңа мемлекет  – Қазақстан Республикасы атауы белгіленді. Елбасымыз бір сөзінде – Бұл күні біз өзіміздің қазақстандық жолға қадам бастық. Біз ұлы миссияны іске асырдық – Тәуелсіздікті алғаш жариялағандар қатарында болдық. Уақыт зымырап өтуде. Егемен Қазақстан дүниеге келгеннен кейінгі оқиғалардың бәрі енді Мәңгіліктің еншісіне кетіп бара жатқан Тарих. Ол уақытты біз қазіргі ұлы жетістіктермен салыстыра отырып бағалаймыз. Бұдан отыз жыл бұрын біз экономиканы көтеруді ғана армандаған едік. Ал енді Қазақстан әлемнің бәсекеге ең қабілетті елдерінің қатарына қосылды, – деген болатын.

Осынау отыз жыл ішінде біз Қазақ елі дейтін мемлекетті бейбітшілік бесігіне айналдыра білдік. Елімізде тыныштық арқылы тұрақтылық, татулық арқылы даму салтанат құрды. Бірлік, береке – біздің басты байлығымыз, құн жетпес қазынамыз деп есептеймін. Мемлекетіміз қазіргі жетістіктерінің  барлығына қазақ-стандықтардың қажырлы еңбегімен жетті. Ендігі жерде біз осы еркіндігіміз бен тәуелсіздігіміздің қадір-қасиетін бағалайық. Ата-бабаларымыздың қаны-мен, жанымен қорғаған кең байтақ қазақ жерін көздің қарашығындай сақтап, ұлтымыздың рухы мен тілін, дінін сақтап, келешек ұрпаққа жеткізейік. Болашағымыз баянды, Тәуелсіздігіміз құтты болсын!

Х.Дувиен,

Абай атындағы мектеп гимназияның мектепалды даярлық сыныбының мұғалімі.

Мәліметпен бөлісу: