Жуырда Nur Otan партиясы аудандық филиалының бастамасымен арнайы топ аудандық орталық аурухананың құрылысы аяқталуға жақын жаңа ғимаратының мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған құрылымдарын көзбен көріп шықты.
«Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясындағы тексеріс жұмыстары мүгедек жандарға арнайы қарастырылған жол-дардың талапқа сайлығына баса назар аударды. Құрамында Nur Otan партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары А.Күбентаев, ау-дандық партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Ж.Сасанбаев, аудандық жұ-мыспен қамту және әлеу-меттік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Б.Сейсенбекова, аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Д.Нөкербаев сынды тұлғалар бар топ тексеріс барысында бірқатар көзге ұрарлық кемшіліктерді анықтады. Арнайы құжаттағы талап бойынша анықталған кемшіліктер негізінде құрылыс басындағы жауапты тұлғаларға тапсырма да берілді. Тек аталмыш ғимаратты мүмкіндігі шектеулі жандарға бейімдеу жұмыстарындағы (яғни, пандустармен жабдықтау, арнайы автокөлікке орынжай және т.б.) осынау бейқамдық кейін онсыз да жүріп-тұруы қиын кембағалдарға тағы бір сынақ болмаса екен деген түйіннен тиісті мамандар оң қорытынды шығарса игі еді!
П.Жеңісхан.