БЕЛСЕНДІ АЗАМАТТЫҚ ҰСТАНЫМНЫҢ КӨРІНІСІ

Құрылтай сайлауы– халықтың еркін білдіретін, ел мүддесін қорғайтын және заң шығару қызметін жүзеге асыратын депутаттарды сайлау. Әрбір азаматтың дауыс беруі елдің болашағына ықпал ететін маңызды азаматтық жауапкершілік болып саналады.
Сайлауға қатысу – азаматтың мемлекеттік билік органдарын немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдарын қалыптастыруға дауыс беру арқылы қатысуы.
Сайлауға қатысу – белсенді азаматтық ұстанымның көрінісі. Әрбір дауыс елдің тұрақты дамуына, әділетті қоғам құруға және мемлекеттік институттарды нығайтуға өз үлесін қосады. Сондықтан сайлауға қатысып, саналы таңдау жасау – әрбір азаматтың маңызды міндеті.
Ж. МҰҚАШЕВ,
Сарқан ауданының құрметті азаматы.

Мәліметпен бөлісу: