БЕЛСЕНДІ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

САРҚАНДА «ӘДІЛЕТТІ ЖӘНЕ ПРОГРЕССИВТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚТЫҚ КОНСТИТУЦИЯСЫ ҮШІН!» АУДАНДЫҚ КОАЛИЦИЯСЫ САРҚАН АУДАНЫНЫҢ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ


Сарқан қаласындағы көпсалалы колледжінде Жаңа Конституция жобасының мазмұнын түсіндіру, ондағы өзгерістердің ел болашағына әсерін қоғамның қозғаушы күші болып саналатын жастарға жан-жақты жеткізу мақсатында кездесуге Сарқан аудандық коалициясының мүшелері Абильбеков Ұлан Серікұлы және Ракитянская Оксана Николаевна қатысты.


Сарқан аудандық коалиция мүшелері Конституция жобасына енгізіліп отырған негізгі өзгерістер мен толықтыруларды жан-жақты түсіндіріп, олардың қоғамды демократияландыруға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нақты кепілдендіруге, Референдумға ұсынылған өзгерістер мемлекеттік басқаруды заманауи талаптарға сәйкестендіруге, сот және құқық қорғау салаларының жұмысын күшейтуге, адами капиталды нығайтуға, сондай-ақ гендерлік теңдікті ілгерілетуге бағытталғанын атап өтті.
Айта кету керек, 15 наурызда Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі республикалық референдум өтеді.

Мәліметпен бөлісу: