Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы жылғы Жолдауы еліміздің даму бағытындағы басты құжат, ал оны жүзеге асыру, онымен жұмыс істеу әрбір қазақстандықтардың міндеті. Міне, осындай жаңашылдыққа толы Жолдаудың мақсаттары мен міндеттерін халық арасында насихаттап, жүйелі жүзеге асуына «AMANAT» партиясы барынша қарекет қылуда.
Мәселен жуырда «AMANAT» партиясы Сарқан аудандық филиалының ұйымдастыруымен Шатырбай ауылында Мемлекет басшысының Жолдауының маңызы мен мәнін түсіндіретін жиын өтті. Жиынға мәдениет қызметкерлері қатысып, Бабыкова Айгүл Тілектесқызы еліміздің алдында тұрған аса маңызды міндеттердің бірі әртараптандырылған және технологияға негізделген экономика құру, сонымен қатар, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет», «Әділетті мемлекет» құру тұжырымдамасына және жолдауда айтылған бес бағдардың арқалаған жүгіне жеке-жеке тоқталып өтті. Жиынды қорытындылай мәдениет қызметкері алдағы саяси науқанда, яғни кезектен тыс Президент сайлауында әрбір қазақстандық зор жауапкершілікті сезініп, жаңа Қазақстанды құруға барынша атсалысуы керектігі сөз болды.