
«Құрылтай – ешқашан той тойлап, әңгіме-дүкен құратын жиын болған емес, келешекте де ондай болмайды. Жалпы өзгерістер барлық салада болып жатыр. Ең алдымен, халықтың береке-бірлігін сақтау елдігіміз үшін аса маңызды», — деді Президент.
Ұлттық құрылтай отырыстарының негізгі нәтижелері — плюрализмді кеңейту, қоғамдық шоғырландыруды нығайту жөніндегі нақты ұсыныстар болып табылады. Құрылтай мүшелері — қоғам қайраткерлері, ғалымдар, жазушылар, үкіметтік емес сектор өкілдері – заң жобаларын әзірлеу жөніндегі түрлі сараптамалық топтарға, мемлекеттік органдар жанындағы комиссиялар мүшелері, яғни құрылтай жұмысының нәтижелері заңдарда, стратегиялық құжаттарда, зерттеулерде көрініс табуы тиіс. Осылайша, олардың жұмысы заңнама мен әлеуметтік инновациялардың қалыптасуына тікелей әсер етеді.
Б. Есенбаев,
Сарқан аудандық мансап орталығының маманы.
