БЕРЕКЕЛІ ЕРТЕҢІМІЗ БЕЛСЕНДІ БҮГІННЕН БАСТАЛАДЫ

     Елдің ертеңгі жарқын болашағы бүгінгі жасалып жатқан игі істер мен азаматтардың белсенді ұстанымынан бастау алады. Қоғамның дамуы әрбір адамның ел тағдырына бейжай қарамай, ортақ іске өз үлесін қосуына байланысты.

     Бүгінгі таңда елді мекендердің көркеюі, қоғамдық ортаның жақсаруы, жастардың білім алып, еңбекке араласуы – баршамыздың ортақ міндетіміз. Туған жердің тазалығын сақтау, табиғатты қорғау, қоғамдық тәртіпті сақтау, әлеуметтік бастамаларға атсалысу сияқты қарапайым істердің өзі ел игілігіне қосылған маңызды үлес.

     Белсенді азамат – өз құқығын ғана емес, жауапкершілігін де жақсы түсінетін тұлға. Ол қоғамдағы өзгерістерге үн қосып, елдің дамуына бағытталған бастамаларды қолдайды. Әсіресе жастардың қоғамдық өмірге араласуы, білімге, еңбекке және кәсіпке ұмтылысы – болашақ үшін берік негіз.

    Береке мен бірлік бар жерде даму да, тұрақтылық та орнығады. Сондықтан әрқайсымыз өз орнымызда адал еңбек етіп, ел игілігіне қызмет етуге ұмтылуымыз қажет. Бір адамның бастамасы өзгелерге үлгі болып, көптің қолдауына ие болғанда, үлкен нәтижеге жол ашылады.

    Бүгінгі дұрыс таңдауымыз бен белсенді ісіміз – ертеңгі ұрпаққа қалдырар ең қымбат мұрамыз. Берекелі болашақ өздігінен келмейді. Ол – еңбекпен, жауапкершілікпен, ынтымақпен және белсенді азаматтық ұстаныммен қалыптасады.

Сондықтан ел болашағына бейжай қарамайық. 23 тамыз күнгі Құрылтай депутаттарын сайлауға белсенді атсалысып, берекелі ертеңімізді бірге қалыптастырайық!

Күлшарбан Қалиева,

Сарқан ауданының Құрметті азаматы.

Мәліметпен бөлісу: