
Құрылтай билік пен қоғам арасындағы тұрақты диалогті қамтамасыз етіп, ең өзекті мәселелер бойынша ымыралы шешімдер әзірлеуге ықпал етеді. Демек, бұл алаң – халықтың өз ұстанымын білдіруіне және шешім қабылдау үдерістеріне ықпал етуіне мүмкіндік береді. Мысалы, 2024 жылы Атырауда өткен үшінші отырыстың қорытындысы бойынша 9 заң қабылданды. Олардың ішіндегі ең маңыздылары – әйелдер құқығы мен балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құмар ойын бизнесін реттеу, есірткі өндірушілерінің жауапкершілігін күшейту, т.б. Яғни құрылтай – бүкіл қоғамға мемлекет саясатын қалыптастыруға қатысуға мүмкіндік беретін шынайы механизм. Бұл билікпен өзара іс-қимылды анағұрлым қолжетімді әрі ашық етеді. Осылайша, Ұлттық құрылтай елдің болашағына ықпал ететін ұзақмерзімді стратегиялық шешімдерді әзірлеуге және қабылдауға ықпал етеді.
Е. Сүдірбаева,
Сарқан аудандық әжелер алқасының төрайымы.