БІЛІМ БЕРУ ТРЕНДІ: TOPIQ.KZ ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚЫТУ ПЛАТФОРМАСЫ


         Цифрландыру бүгінгі білім берудегі жаңа бағыт. Бүгінде еліміздің экономикасының барлық салаларын цифрландыру күн тәртібінің басты тақырыптарының бірі. Осы бағытта басталып жатқан белсенді жұмыстың алғашқы бағыттардың бірі білім беру деп аталады. Бұл мақала білім беру процесіне сандық технологияларды тиімді енгізуге көмектесетін платформалардың бірі TopIQ.kz туралы сөз болмақшы.

          Заманауи технологияларды енгізу процесінің басталуымен мектептердің білім беру мүмкіндіктері едәуір кеңейді. Атап айтқанда, қашықтықтан оқыту, білім беру платформалардың барлық түрлері, электронды оқулықтар жүйесі арқылы оқыту форматтары белсенді дамуда.        TopIQ.kz – білімді дамытудың мемлекетіміз үшін білім сапасын көтерудің негізгі құралы болып табылады.

         Елімізде білім беруді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттарының бірі –  электрондық оқыту жүйесін енгізу. Жаңа бағдарламаның ерекшелігі – ол жаңашылдығы болып табылады. Атап айтсақ, бағдарламада білім беру саласына электрондық оқыту жүйесін енгізу жеке бір бағыт ретінде қарастырылған. Оқушылар кез келген білім беретін мәліметті қалаған уақытта алуына қол жеткізбек. Мұғалімдер мен оқушылар ең үздік әлемдік білім ресурстарын пайдалану мүмкіндігіне ие бола алады.

      Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында электрондық оқытудың мақсаты: білім беру үрдісінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жетімділігін қамтамасыз ету.

Осы орайда «TopIQ.kz» электронды білім беру еліміздің білім жүйесіне қарқынды еңгізіліп отырған  оқытудың озық формаларының бірі болып келе жатыр. Оның ерекшелігі неде?

Біріншіден, кез келген жерден, кез келген құрылғы арқылы кіруге болады;

Екіншіден, ақпаратты іздеу мүмкіндігі, интерактивтілік;

Үшіншіден, балл қоюда объективтілік, яғни тапсырмалардың күрделілігінің түрлі деңгейі;

Төртіншіден, оқу материалының көрнекілігінің жақсаруы, яғни өтіп кеткен материалдарды қайталау мүмкіндігі;

       Аталған платформаны «Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ ұжымы да белсенді қолданып, TopІQ.kz платформасында электрондық оқулықтарды ең үздік қолдану бойынша өткізіліп жатқан «Leader TopІQ» республикалық байқауына қатысуда. Байқаудың мақсаты: TopІQ.kz платформасында электрондық оқулықтарды қолдануда республика педагогтерінің инновациялық педагогикалық тәжірибесін анықтау және көпшілікке тарату.

Шетелдік білім жүйесінен қалыспайтын «TopIQ.kz» электронды оқулықтар платформасы жас ұрпаққа білім беру жолындағы ортақ міндетті өз мәнінде жүргізу үшін, ой – өрісі дамыған тұлға тәрбиелеуде таптырмас ресурс. Алдағы уақытта платформаны тиімді пайдалана білсек жұмысымыз өнімді болады деп ойлаймын. Сондықтан да барша ұстаздарды «TopIQ.kz» электронды оқулықтар платформасын пайдалануға шақырамын!

                                                                  Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің 

                                                                   математика пәнінің мұғалімі Ж.Сембаева

Мәліметпен бөлісу: