Білім өмір шырағы

Ел ертеңі, халық болашағы өскелең жас ұрпақтың қолында екендігі мәлім. Сол үміт артып отырған жастарымыз алдынғы буын ағалардың жолын лайықты жалғастырып, өздерінің сенімді селге жықпас ізбасар екендіктерін дәлелдеген шақ, нағыз аяғынан нық тұрған ел екендігіміздің айқын көрінісі болар еді. Білім – адамзат мәдениетінің ең көрнекті және ауқымды ұғымдарының бірі. Сонымен қатар, қоғамдағы тыныштық пен тұрақтылықты сақтап тұрушы негізгі фактор.

Әуелі адам баласының басқа жаратылыстан ерекшелігі саналылығы болса, сол саналы жаратылыс иелерін бір-бірінен үстем көрсетіп, бір-бірінің алдында шынайы құрмет пен атақ-абыройға бөлейтін осы білімнің жемісі болмақ. Ол турасында ұлы ойшыл, кемеңгер тұлға Абай Құнанбайұлы: «Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады», – деп тоқсан ауыз сөзді тобықтай түйіндеген. 

Мәліметпен бөлісу: