Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың аудандық қоғамдық штаб мүшелері Жомарт Игіман, Тілеужан Доғаманов және Дәулет Икрамов бүгін аудан орталығында орналасқан Сарқан Политехникалық колледжінде білім саласының өкілдерімен кездесті
Техникалық, әлеуметтік қызмет көрсету саласының мамандарын даярлайтын іргелі оқу ордасының мәжіліс залында өткен басқосуда Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Жолдауында айтылған арнаулы орта және жоғары білім саласындағы түйткілді түйіндерге мән берді.
Әсіресе жолдауда айрықша айтылған өзекті мәселелерді атап айтқанда колледждер мен жоғары оқу орындары сұранысқа ие кәсіби мамандарды даярлау, тұрғылықты жеріне қарамастан білім алу үшін тең жағдайлар, барлық студенттеріміз әлемдік цифрлық кітапханаларға қол жеткізе алуы, жатақханалардағы орын тапшылығы, студенттерге шәкіртақы мөлшері 2 есеге ұлғайтылуы, қауіпсіздік шаралары турасында тарқатып айтып берді.
Сондай-ақ педагогтардың әлеуметтік мәртебесі, оларға қолайлы жағдай жасау Жолдаудағы «Ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция» атауымен айшықталған үшінші бағыттың басым тұстары екендіктеріне тоқталды.
Мемлекетіміздің тағдырын анықтайтын, кемел келешекке жол ашатын сайлауға баршамыз белсенді қатысуымыз қажет деген штаб мүшелері соңында қатысушылар тарапынан түскен сауалдарға жауап берді.