
Тәуелсіз елдің биік тұғырлы болуына бірден-бір себепші ұлттық құндылықтары мен рухани салт-сананың сақталуы болмақ. Еліміздің өзге елдермен иық теңестірер дәрежеде болуының шарты да осында. Болашақ бүгіннен басталмақ. Мағжандай арысымыз сеніп кеткен жастардың тәрбиесі мен білім қазірде, бұрында да,болашақта да өзектілігін жоғалтпайын тақырып екені белгілі. Жалпы тәрбие отбасыдан бастау алады десек, оны жалғар келесі тұлға ұстазы болмақ. Ұстазы жақсының – ұстанымы жақсы деп бекер айтылмаса керекті. Әрбір жас ұрпақтың көкейінде елге деген отансүйгіштік қасиеті басым болып тұратын болса, онда тәуелсіз елдің болашағы жарқын болары сөзсіз.
Қазіргі таңдағы білім беру жүйесінің біраз өзгешеленіп, заман талабына сай болып жасалынып жатқандығы, ұстаздарымызға да оқушыларымызға да біраз жауапкершілік жүктегендей. Әрбір ұстаз өз алдына жеке мақсат қойса,соңында парасатты ұрпақты тәрбиелеп шығар еді.
Жоғарыда аталған білім берудің әдіс-тәсілдерін оқушыларға жеткізіп, санасына сіңдіру ұстаздың басты міндеті болып отыр. Ұстаз оны балаға сіңдіреді, алайда осы жаңашылдыққа үйреніп, жетік меңгерген жағдайда ғана. Мұғалім сабақта әдіс — тісілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс — пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Әдіс – тәсілдер арқылы өткізген әрбір сабақ оқушылардың ойлануына және қиялына негізделіп келеді, баланың тереңде жатқан ойын дамытып оларды сөйлетуге үйретеді. Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы қабілеті әртүрлі балардың ортасынан қабілеті жоғары баланы іздеп, онымен жұмыс жасау, оны жан — жақты тануды ойлап, оқушылардың шығармашылық деңгейін бақылап отыру әрбір мұғалімнің міндеті.
