Білімді ұрпақ – болашағымыз

Құрметті білім саласының қызметкерлері! Сіздерді жыл сайын қазан айының алғашқы жексенбісінде келетін Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Сонымен қатар қазанның 1-індегі Қарттар күнімен өмірдің сан қилы белестерінде мол тәжірибесін зердесіне тоқып, ақыл-пайымын саналы ұрпақ қалыптастыруға арнап, абырой биігіне көтерілген ардагер ұстаздарымызға қошамет көрсетеміз.

Ұстаз – жас ұрпақтың рухани сәулеткері, шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, үлгілі тәлім-тәрбие беру жолында еңбек ететін ұлы тұлға. Дана халқымызда «Білімдіге дүние жарық» деген аталы сөз бар. Сондықтан да білімі мен біліктілігін шәкірттерінің ертеңіне, ұлт мүддесіне арнаған ұстаздарын халқымыз ұлық тұтады. Осы биіктен төмендемей ұрпақтың ұлы мұраты жолында талмай еңбек етіп, зор шығармашылық табыстарға жетулеріңізге шын жүректен тілектеспіз!

П.ИМАНҒАЗИЕВА,

аудандық білім бөлімінің

басшысы.

Е.АЛИНОВ.

Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы аудандық комитетінің төрағасы.

Мәліметпен бөлісу: