Сарқан ауданында тұратын қос Ұлы Отан соғысының ардагерлері Сарқан ауданы әкімінің сайлауында өз таңдауларын жасады.
Қарғалы ауылында тұратын Галкин Алексей және Қойлық ауылының тұрғыны ғасыр жасқа таяған Ысқақов Берлібек аталарымыз өңірміз үшін аянбай еңбек ететін азамат жеңіске жететіндігіне сенім білдірді.
«Тәуелсіз еліміздің болашағы дегенде барлығымыз бір кісідей атсалысуымыз керек. Менің жасым жүзге таяп қалсада ешқашан сайлаудан тыс қалған емеспін, сайлауға әр азаматтың баруы міндетті». — деді Берлібек ата.