Бір апта ішінде КВИ британдық штаммы тағы 7 елде тіркелді – сарапшы

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, SARS-CoV-2 британдық штаммының айналымы әлемнің 125 елінде, «оңтүстікафрикалық» – 75 елде, бразилиялық – 41 елде тіркелген. Вирустың мутациялау ықтималдығы адамдардың індетті жұқтыру жиілігінің артуымен ұлғаяды. Вирустың таралуын болдырмау үшін барлық қажетті шараларды, соның ішінде вакцинацияны қолдануымыз керек. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының «Санитариялық – эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми- практикалық орталығы» филиалы директорының м.а. Манар Смағұл мәлімдеді.

Оның айтуынша, көптеген адамдар симптомсыз ауырады, бірақ коронавирустың жаңа штаммдарының белгілері  бастапқы штаммның белгілеріне ұқсас: дене қызуының көтерілуі, жөтел және дәм немесе иіс сезу қабілетін жоғалту. Британдық деп аталатын коронавирустың штаммына жөтел, қатты шаршау, тамақ пен бұлшықет ауруы сияқты белгілер тән, бірақ иіс сезбей қалу «қытайлық» түріне қарағанда аз байқалады.

«ДДСҰ мәліметтері бойынша, жаңа штаммдардың репродуктивтілігі, яғни адамдарға жұғу қабілеті жоғары, 50% – ға дейін, сондай-ақ «басқа айналымдағы штамдарды тез алмастыру қабілетіне» ие. Британдық штамммен «ауруханаға жатқызу, аурудың ауыр өту және өлім қаупі жоғары». Вирустың мутацияланған жаңа түрлерінің ғана емес, «жабайы» түрлерінің де кеңінен таралуын болдырмау үшін барлық шараларды, соның ішінде вакцинацияны да қабылдау қажет», – деп атап өтті М.Смағұл.

Сондай-ақ, оның айтуынша, 1 сәуірден бастап вакцина алатындардың контингенті кеңейтіліп, әкелінетін дозалардың саны 1 миллионға дейін жеткізіледі.

Сонымен қатар, сарапшы атап өткендей, вакцина тапшылығы тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде байқалады. Вакцинаны негізгі жеткізуші болып табылатын Ресейдің өзінде вакцинациялау науқаны халықтың шамамен 2%-ын қамтиды. Айта кетейік, қолданылатын вакциналар британдық және оңтүстікафрикалық штамдарға қарсы тиімді болып қала береді.

Дереккөз: https://ortcom.kz/kk/novosti/1617016106

Мәліметпен бөлісу: