Бірлігі бекем елдің келешегі кемелді

       Ата заңға өзгерістер енгізу жөнінде жалпыұлттық референдум өткені баршамызға мәлім. Біз заң үстемдігі, әділдік, жалпыға бірдей мүмкіндік қағидаттарын ұстанып, Жаңа Қазақстанды құруға кірістік. Ауданымыздың әрбір жауапты азаматтарының реформаларды іске асыруда белсенділік танытқаны соншалық ауданымыз жыл қорытындысы бойынша облыста 4-ші орынға орналастық. Бұл дегеніміз үлкен жетістік. Жалпы алғанымызда мемлекетіміздің дамуына қосқан үлкен үлесіміз. Бұл өзгерістердің басты – міндеті халықтың әл-ауқатын арттыру, жастарды отаншылдыққа, еңбекшілдікке тәрбиелеу. Бұл міндеттерді орындауға ауданымыздың әрбір азаматы жауапкершілікпен атсалысуы қажет қадірлі жерлестер.

  Бұл орайда 6000-ға жуық ардагерлердің 1000-ға жуығы аудан экономикасының сала саласында адал еңбектерімен өз үлестерін қосуда.

     Сондай-ақ аға буын өкілдері аудандағы болып жатқан қоғамдық шараларға, атап айтқанда Наурыздың 19-ында өтетін Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауының өтуіне белсенділік танытуда. Яғни түсініктеме насихат жұмыстарын жастар мен тұрғындар арасында жүргізуде.

       Мемлекет басшысы «Әділетті мемлекет біртұтас ұлт, берекелі қоғам» атты Халыққа Жолдауында «Кәсібилік пен еңбекқорлық қоғамымызда ең жоғарғы орында тұруы қажет»,-деген еді. Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс. Осындай азаматтар мемлекетімізді өз адал еңбектерімен дамытады және өзгерістер енгізеді.

     Ендеше реформамызды дамытып жүзеге асыруда әрдайым бірге, әрдайым алда болып сайлау күні бір кісідей сайлау учаскесіне барып өз дауысымызды қалаған үміткерге берейік. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз ғұмырлы болсын демекпін.

       Қ.ЖАНАСБЕКОВ, аудандық «Ардагерлер ұйымы» филиалының төрағасы

Мәліметпен бөлісу: