
Қазіргі таңда Қазақстан – бейбітшілік пен келісімі сақталған, түрлі этностар өзара ынтымақтастықта өмір сүріп жатқан біртұтас ел. Республикамыз – жүзден астам ұлт пен ұлыс өкілдері өмір сүретін полиэтникалық мемлекет. Бүгінде халық саны 19 миллионға жуық адамды құрайды, оның ішінде мемлекет құраушы қазақтардың үлесі 70%-ға жетті.
Қазақстан Республикасында этносаяси мәселелер мемлекеттік ұлттық саясаттың өзегіне айналып отыр. Еліміздің Конституциясында «Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, діни көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды» деп жазылған. Ол мемлекетті қалыптастырушы қазақ ұлтына этносаралық келісім мен ынтымақтастықты сақтауға, өзге этностар құқықтарының шектелмеуіне деген жауапкершілікті жүктейді. Елімізде ұлттық тұтастық, ұлттық өркендеу өзінің мағыналық құрылымы бойынша халықтар арасындағы келісімге негізделген.
Сонымен қатар, этносаралық және конфессияаралық ынтымақтастық, келісім мен саяси тұрақтылықты сақтау ісіне көп көңіл бөлінуде. Қазақстан зайырлы мемлекет ретінде ең қымбат қазынасы – адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтарына аса мән береді.
С. САДЫҚОВ,
Сарқан ауданының құрметті азаматы.
