Биыл оқушылардың аттестат тапсыру рәсімі қалай өтеді

ҚР Білім және ғылым
министрі Асхат Аймағамбетов биыл оқушыларға аттестат тапсыру рәсімі қалай өтетінін айтып берді. «Осыған дейін оқу жылының аяқталуына орай, 25 мамырда дәстүрлі түрде соңғы қоңырау соғылып келді, яғни мектеп бітіретін 9 және 11-сынып оқушылары бар.

Елімізде төртінші тоқсан қашықтан оқыту форматында өтіп жатыр және 25 мамырда мектепте ешкім болмайды. Дәстүрлі форматта мектепте қоңырау соғылмайды. 25 мамырда соңғы қоңырауды онлайн форматта өткізуді жоспарлап отырмыз», — деді
А. Аймағамбетов онлайн тәртіпте өткен баспасөз мәслихатында.
Сонымен қатар министр аттестат тапсыру шараларына қатысты
тоқталды. «3-4 маусымда 11 сынып үшін аттестат тапсыру өткізіледі. Осы орайда Денсаулық сақтау министрлігімен кеңес жүргіздік. Қазіргі жағдайға қарамастан, аталған мерзімде 11 сыныпқа арнап
аттестатты салтанатты түрде тапсыру рәсімін өткізуді жоспарлап отырмыз. Сонымен бірге, олар үшін соңғы қоңырауды ұйымдастырамыз», — деп түсіндірді ведомство басшысы.
Оның сөзіне қарағанда, аталған шара аясында бірқатар шектеулер болады. «Санитарлық талаптар қатаң сақталады. Балалардың,
мектеп бітіруші түлектерге аттестат тапсыру шарасы биыл қалай өтеді?педагогтардың қауіпсіздігіне айрықша екпін қоямыз, медициналық маска тағу міндетті болады. Бұл шара аулада, яғни
ашық кеңістікте өтеді. Әр сынып өзінің шарасын жекелей ұйымдастырады. Арақашықтықты сақтау үшін арнайы елгілер қойылады», — деді министр.Мектеп бітіру іс-шараларын өткізу
бойынша ұсыныстар:
-Іс-шара мектеп аумағында,ашық алаңда әр сынып үшін
бөлек өткізіледі, уақыт аралығы 20 минут;
-Түлектер рәсімге мектеп формасында қатысады;
-Әрбір түлекпен 1 немесе 2 ата-анасы қатыса алады;
-Маскалық режимді міндетті түрде қамтамасыз ету және қашықтықты сақтау керек;
Жол берілмейді:
-Мектеп немесе педагогтерге сыйлық алу үшін ақша жинау;
-Ивент-агенттіктерді, аниматорларды шақыру;
-Мерекелік дастархан жасап, аса салтанатты өткізу;
-Автокөліктерді жалға алып, қала ішінде, қала сыртында экскурсия жасау;
-Мейрамхана, дәмхана және көңіл көтеру орындарында отырыс
ұйымдастыру;


Сарқан аудандық
білім бөлімі

Мәліметпен бөлісу: