Біз біргеміз!

Сарқан аудандық пробация қызметінің бөлімі «Біз біргеміз» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырып, пробация қызметінің есебінде тұрған  Сарқан ауданы Алмалы ауылындағы көп балалы отбасына азық-түлік түрінде көмек көрсетті.

Акцияның басты мақсаты тұрмысы төмен, көп балалы отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету және қолдау көрсету, есепте тұрған тұлғаларды әлеуметтік қолдау арқылы олардың қоғамның толыққанды мүшесі ретінде қалыптасуына жәрдемдесу.

Т.Жарманова,аудандық ПҚБ-нің бастығы, әділет капитаны.

Мәліметпен бөлісу: