Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Конституцияға сәйкес, біздің ел өзін адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандығы ең қымбат қазынасы саналатын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде танылған. Біз тәуелсіз, реформалары орныққан дамушы елміз, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа Жолдауында атап көрсеткендей, «Күшті Президент — ықпалды Парламент — есеп беретін Үкімет» атты басты бағытты ұстанатын, алға қарай даму жолындамыз. Соңғы бір жылда елімізде болған саяси өзгерістер, атап айтқанда, Жалпыұлттық референдум, кезектен тыс Президент сайлауы, Парламент мәжілісі мен жергілікті деңгейдегі мәслихаттар сайлауы, және ауылдық округ әкімдер сайлау және жақында өңірімізде аудан әкімін алғаш рет халық дауыс беріп сайлайтын күнгеде жеттік, осының бәрі «Жаңа Қазақстанды» бірге құру жолындағы нақты қадамдар.
Біздің мақсатымыз айқын. Жалпы, ел болашағы — мықты басшы, бірлігі бекем халық, жігерлі жас, білімді ұрпақтың қолында, мемлекет дамуы орныққан реформа арқылы жүзеге асатыны сөзсіз. Еліміздің алдында тұрған басты міндеттің бірі – жұмыссыздықты азайту, әсіресе жастардың жұмыспен қамтылуын баса назарға алып, жан-жақты қолдау көрсетіп, және де халықтың тұрмыс тіршілігін жақсарту, өмір сапасын мен табысын арттыру.
Саясат — ол бір қалыпта тұрмайтын дүние. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев алғаш өзінің қызметтік лауазымына келгеннен кейін, бірден елді демократияландыруды қолға алды, билікке халықтың жақындауын басты мақсат етті, «Халық үнін еститін мемлекет» тұжырымдамасы арқылы бүгінгі күні елдің үнін, тілегін, ниетін жоғары билік құрылымы еститін болды. Аудан әкімдері бұрын халық алдында жылына 1 ақ рет есеп беретін болса, қазір тоқсан сайын есеп беріп, облыс әкімдері жарты жыл сайын халық алдына шығып, әрбір халықтың айтқан сөз-пікірінің орындалуы қандай деңгейде екенін негізгі бағытқа алды.
Жалпы, соңғы бір жыл көлемінде елдегі саяси болсын, экономикалық болсын реформалардың барлығы мемлекеттің дамуына, азаматтардың конституциялық құқықтарын күшейтуге, қоғамдағы азаматтық белсенділіктің қалыптасуына, түптеп келгенде қазақстандықтардың жайлы өмір сүруі үшін жасалып жатыр.
Елде қандай өзгерістер болмасын бір мемлекетте өмір сүріп жатқаннан кейін бірлік туын бірге көтеріп, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаруға тиіспіз. Біз дамудың жаңа кезеңіне қадам бастық, қарқынды, жан-жақты жаңару үдерісіне бірге атсалысып, билік институттары мен халық етене жақын, бірлесе жұмыс атқарып, елімізді дамыған, өркендеген, қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған, Қарашасы мен ханы тең өмір сүретіндей «Жаңа Қазақстанды» қалыптастыруды жүзеге асыруға қос қолдап атсалысуымыз керек, әсіресе осы саяси өзгерістерге жастар етене атсалысу керек. Өйткені, бұл біздің азаматтық борышымыз деп есептеймін.
Қарауыл Нұрай Алтайқызы
Пограничник ауылдық дәрігерлік амбулаториясының медбикесі