Бизнес жолын көрсетті

2019 жылы қаңтар айында «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» Жастар жылының ашылуы салтанатында Мемлекет басшысы «Бастау» жобасының тиімді тәжірибесін атап айтқан болатын.

Бизнеспен айналысу үшін адамға ең әуелі білім керек. Осыны ескерген жұртшылық «Бастау» жобасымен облыс, аудан, ауылдарда жұмыссыз жүрген жастарды бір айға жуық тегін тренингтен өткізіп, білімдерін жетілдірді. Жобаға қатысушылар әр саланы меңгерген. Лепсі ауылында 17 адам тренингке қатысып, өздерінің жобаларын ақтап, қайтарымсыз жарты миллионға ие болды.  Сондай-ақ қатысушыларға бір ай көлемінде 20 мың теңгеге жуық стипендия тағайындалған. «Жас кәсіпкер» бағдарламасы жастардың өз бизнестерін ашуға және  грантпен жеңілдетілген несие алуға мүмкіндік берді.

Мәліметпен бөлісу: