ҚР Жер кодексінің 44-1-бабының 4-1-тармағына сәйкес, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі осындай ұсынуды сауда-саттықта (аукциондарда) жүзеге асыру қажеттілігі себебінен жер учаскесіне құқық беруден бас тартқан жағдайда, сауда-саттық (аукцион) сұралып отырған жер учаскесі бойынша жер учаскесіне құқық беруден бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс.Талдау көрсеткендей, жергілікті атқарушы органдар кәсіпкерлерге жер учаскелерін беруден бас тартып, аталған норманы бұза отырып, сауда-саттық жүргізбеген.Облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Панфилов ауданының жергілікті атқарушы органының атына сұралып отырған жерлер бойынша сауда-саттық рәсімдерін жүзеге асыру қажеттігі туралы ұсынымдармен хат жолдады.Ұсынымдарды орындау нәтижелері бойынша жер учаскелері сауда-саттыққа қойылды.Осылайша, кәсіпкерлерге бизнес үшін жер сатып алу мүмкіндігі берілді.