БОЛАШАҚ ҰРПАҚ АЛДЫНДАҒЫ ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның халықтық конституциясы үшін!» аудандық коалициясы Сарқан қаласындағы №3 арнайы мектеп-интернатының ұжымымен кездесті. Аудан орталығында орналасқан арнайы мектеп-интернат мектебінде Жаңа Конституция жобасының мазмұнын түсіндіру, ондағы өзгерістердің ел болашағына әсерін жеткізу мақсатында мектеп қызметкерлерімен кездесу өтті. Кездесуге Сарқан аудандық коалициясының мүшелері Алинов Ермек Шопиянұлы мен Дармышев Ерлан Ерұзақұлы қатысты.

Кездесу барысында Конституция жобасына енгізіліп отырған негізгі өзгерістер мен толықтыруларды жан-жақты түсіндіріп, олардың қоғамды демократияландыруға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нақты кепілдендіруге, Референдумға ұсынылған өзгерістер мемлекеттік басқаруды заманауи талаптарға сәйкестендіруге, сот және құқық қорғау салаларының жұмысын күшейтуге, адами капиталды нығайтуға, сондай-ақ гендерлік теңдікті ілгерілетуге бағытталғанын атап өтті.
Аталмыш бағыттағы кездесулер өз жалғасын табуда.
Ағымдағы жылдың 15 наурызында Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі республикалық референдум өтеді.

Өз тлішіміз.

Мәліметпен бөлісу: