БОЛАШАҒЫҢДЫ ОЙЛА, ЕСІРТКІДЕН АУЛАҚ БОЛ

Нашақорлық  қазіргі заманда белең  алып, жасөспірімдерді  бұзып жүген зиянды әдет. Балалар  15-18 жасқа толғаннан  кейін  ата –ананың қарауынан,  қамқорлығынан  босайды. Мектеп бітіргеннен соң  қыздар бой жетеді,  ұлдар ер жетеді, студенттік өмірдің қызығы мен шыжығына  батады. Бұрын  көрмеген қызықтар  — түнгі  клубтар, кино, би адамды  қызықтырады. Балалардың білмейтіндері  көп, неше түрлі замандас ұлдар  — қыздармен  танысады, әрине,  бұл  өмір  қызық. Бірақ бұл қызықты өмірдің жақсы  жағымен  қатар  бұл  өмірдің жаман  жағы да бар. Жастар,  олардың ата-аналары осыны  білуге  тиіс. Сондай өмірдің көлеңкелі  жақтарының бірі –нашақорлық, темекі  тарту, арақ  ішу, энергетиктарды  пайдалану, кальян, қор-қор  тарту  – шөптен  жасалған  және  синтетикалық наркотиктер адамның  ағзасына  зиянын  тигізеді. Нашаны пайдаланғаннан кейін –адам  ағзасына  әсері-көңілді  көтеру, қуаныш  сияқты жалған сезімдер сыйлайды. Содан  кейін  адам  нашаға үйреніп алады да наркотикті  қабылдағысы  келіп  тұрады.

Наркоманияның  белгілері:

1. Адамның  мінезі — құлқы   өзгереді, жекеленіп  сөйлеспей, бұрынғыдай ашық-жарқын мінезінің  өзгереді, жатып  алады, кейде басын  жауып,  тарс бүркеніп  алады. Оның бар  ойы-дозаны  қайдан, қалай тауып алсам болады. Сабағының үлгерімі төмендейді, киім киісі, көңіл — күйі  салғырт болады. Бұрынғыдай достарымен араласу, сөйлесу, көңіл көтеруді қояды –коллективтен  оқшауланады. Наркотикке тәуелді болады–ішпесе  тұра  алмайды. Дозаны  алу  үшін  ұрлыққа да тіпті кісі  тонауға, кісі  өлтіруге барады

2. Наркоман  ешуақытта  наркотикке  тәуелді  екенін  мойындамайды –мен  тек  бір-екі  рет  тарттым  дейді жолдастарына.   

3. Көп  уақыт наркотик  пайдаланса психикалық  ауытқуға  ұшырайды, бала  өз-өзіне  қол  салуға  дейін барады.

4. Наркотик пайдаланғанда  ВИЧ-ГЕПАТИТ ауруларын  жұқтыру қаупі бар.

5. Көп уақыт пайдаланса –абстинеттік синдромның  пайда  болуы.

6. Психикалақ құлдырау, талма  ауруына шалдығуы әбден мүмкін.

7. Жүрек қан тамырларының ауруына соқтырады.

Қорыта айтқанда өміріңе балта шабатын, жарға жығатын осындай жаман әдеттерден мүлде аулақ болған дұрыс!  

С.Тулегенова,  

Сарқан аудандық ауруханасының  дәрігер терапевті.

Мәліметпен бөлісу: