Елдің ертеңгі жарқын келешегі бүгінгі жасалып жатқан игі істерден басталады. Қоғамның тұрақты дамуы, ұрпақтың сапалы білім алуы, ел азаматтарының жауапкершілігі мен белсенділігі – болашақтың берік іргетасын қалыптастыратын маңызды құндылықтар. Бүгінгі әрбір дұрыс шешім мен нәтижелі еңбек – келешек ұрпаққа қалдырар аманатымыз. Сондықтан ел болашағына бейжай қарамай, ортақ мақсат жолында бірлікпен еңбек ету – баршамыздың міндетіміз. Елдің ертеңі – бүгінгі таңдауларымыз бен нақты ісімізге байланысты. Болашақтың берік іргетасын қалау үшін әр азамат өз жауапкершілігін сезініп, қоғамдық өмірге белсенді араласуы қажет. Сондықтан Құрылтай сайлауына белсенді қатысып, елдің дамуына үлес қосайық. Өз таңдауымыз арқылы ел болашағына деген азаматтық ұстанымымызды білдірейік. Әрбір дауыс – ел ертеңіне деген жауапкершіліктің көрінісі. Бүгінгі белсенді қадамымыз – жарқын болашаққа бастар жол. Болашағымыздың іргетасын бірге қалайық!
Күлшат Мұқашева,
Сарқан ауданының Құрметті азаматы, Білім саласының ардагері.
