«БЖЗҚ» АҚ өзекті сауалдарға жауап береді

1) Қайырлы күн! Мен абай­сызда БЖТ-ны басқа айға төлеп жіберіппін, төлемді қалай қайтарып алуға болады?

№4 Қағидалардың 12-тармағына сәйкес қате төленген БЖТ-ны қайтарып алу үшін төлем жасаушы, банк немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым Мемлекеттік корпорацияға №4 Қағидаларда белгіленген нысан бой­ынша қате төленген БЖТ-ны қайтару туралы өтініш беріп, оған төлем құжатының немесе БЖТ төленгенін растайтын құжаттың көшірмесін қоса тіркейді. Агент өтінішінің негізінде Мемлекеттік корпорация БЖЗҚ-ға қате аударылған БЖТ сомасын ауда­ру туралы электрондық өтінім жолдай­ды. БЖЗҚ электрондық өтінім алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде БЖТ төлеушілердің аты-жөндері мен телефон нөмірлері, өтінім берген күндері көрсетілген тізімді қоса тіркей отырып, Мемлекеттік корпорацияға қайтарым жасайды. БЖТ-ның толық сомасын алған кезде Мемлекеттік корпорация сомалар түскен күннен бастап үш операциялық күн ішінде оларды БЖТ төлеушінің қате төленген БЖТ сомасын қайтару ту­ралы өтінішінде көрсетілген банк шо­тына төлем тапсырысымен аударуды жүргізеді.

2) Мен жақында босану және бала күтіміне байланы­сты демалысқа шығуға дайын­далып жүрмін. Жұмысымды тоқтататындықтан зейнетақы жинақтарымның жай-күйі не болмақ?

Сәбиіңізді дүниеге әкелгенннен кейін Сізге бала күтіміне байланы­сты демалыста отырған аналарға арналған мемлекеттік қаржылай көмек берілуі тиіс. Осындай нысандардың бірі — бюджет қаражаты есебінен міндетті зейнетақы жарна­ларын (МЗЖ) субсидиялау. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 330 бұйрығымен бекітілген Қағидалардың 2-тарауы 4-тармағына сай МЗЖ-ны бюджет қаражаты есебінен субсидия­лау әлеуметтік төлем алушылардың пайдасына ай сайын жүзеге асырыла­ды. Яғни, бала бір жасқа толғанға дейін анасының жеке зейнетақы шотына ай сайын бюджет және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік кор­порациясы арқылы зейнетақы жар­налары аударылып отырады. МЗЖ субсидиялау барысында әйелдердің зейнетақы аударымдарының мөлшері төмендемейді және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) бала күтімі бойынша әлеуметтік төлемдерді алған кезең ішінде бала күтімі бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшері әйелдің есептел­ген табысы мөлшерінің деңгейінде сақталады.

Яғни, міндетті зейнетақы жарналарының мөлшері босану және бала күтіміне байланысты демалысқа шыққанға дейінгі белсенді еңбек қызметі кезеңінде аударылған МЗЖ (табыстың 10%) деңгейінде сақталады. Осылайша 10 %-дық жарнаның: 4% — бала күтіміне байла­нысты төлем аударатын Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ); 6 % — республикалық бюджет­тен (субсидия) бөлінеді.

3) Сәлеметсіздер ме! Жа- қында БЖЗҚ салымшылары­на есептелетін инвестициялық табыс көбею жағына қарай да, азаю жағына қарай да өзгеріп отыратындығы туралы оқыған едім. Сұрайын дегенім, біздің ақшамызды кім инвестициялайды, БЖЗҚ ма, әлде Ұлттық банк пе? Бүкіл қаржыға алтын сатып алып, оның құны өскенше жай ғана күтіп отыруға бола ма?

«Қазақстан Республикасын­да зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республика­сы Заңының 35-бабына сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Басқару тиімділігін арттыру, инвестициялау бағыттары және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін анықтау бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган – ҚР Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес. ҚР Ұлттық Банкінің консультативтік-кеңесші ор­ганы – БЖЗҚ зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңес. БЖЗҚ- ның зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесі Қазақстан Ре­спубликасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі. Екінші мәселеге қатысты, тәуекелдерді басқарудың базалық қағидаттарына сай барлық зейнетақы жинақтарын құралдардың бір түріне жіберуге жол берілмейтінін атап өткен жөн. Сондықтан портфельді валюта­лар мен құралдар түрлері бойынша әртараптандыру, инвестициялардың жағрафиясын, зейнетақы активтері есебінен сатып алынатын қаржы құралдарының спектрін кеңейтуге мүмкіндік береді. Бұл тәуекелдерді төмендетіп, жалпы зейнетақы портфелін қорғауды қамтамасыз етеді.

4) Бес жыл бұрын БЖЗҚ-да маған шот ашылды. Өкінішке орай, соңғы уақытта менің рес­ми жұмысым болмай ешқандай аударым жасай алмадым. Менің зейнетақы жинағым күйіп кетті ме?

Сіздің зейнетақы жинақтарыңыз Сіздің меншігіңіз болып табылады және жеке зейнетақы шотыңызда зейнеткерлік жасқа толғанға дейін немесе оларды төлеу үшін өзге де негіздер туындағанға дейін сақталады. Жеке зейнетақы шоттарындағы ақша БЖЗҚ-да мерзімсіз сақталатынын және олардың нақты әрекет ету мерзімі жоқ екенін есте сақтаған жөн. Бұған қоса оларға тұрақты түрде инвестициялық табыс есептеледі. Ол күн сайын әрбір қаржы күнінің соңында шоттағы қаржыға ол біткенге дейін есептеледі. Егер Сіз зейнеткерлікке шығып, зейнетақы төлемін ала бастасаңыз да шоттағы қалған жинағыңызға инвестициялық табыс есептеліп отырады. Мемле­кет алушылардың зейнетақы төлемін алу құқығы туындаған сәттегі ин­фляция деңгейін ескере отырып, олар аударған міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген мөлшерінде сақталатынына кепілдік береді («Қазақстан Республикасын­да зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5–бабы).

5) Қайырлы күн! Келесі жылы менің әкем зейнеткерлікке шығады. Жақында біз үзінді көшірмені қараған едік, онда шамамен 900 000 теңгедей шағын қаржы жиналып тұр екен. Осы соманы толық бере аласыздар ма?

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларының ережелеріне сәйкес БЖЗҚ-дан міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарна­лары есебінен төленетін зейнетақы төлемдері 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ай сайын белгіленген кесте бойынша жүзеге асырылады және Сіз оны бір мезгілде ала алмайсыз.

Өтініш жасалған күндегі зейнетақы жинақтарының сома­сы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспай­тын жағдайда ғана бұл сома БЖЗҚ– дан алушыға бір мезгілде бірақ төленеді (2020 жылы бұл сома 01.04.2020 ж. бастап 485 292 теңгеге тең).

Мәліметпен бөлісу: