Сарқан ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі Жетісу облысының кәсіпкерлер палатасының Сарқан аудандық филиалымен бірлесіп 2023 жылғы 22 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының тіл туралы заңының 21 баптарының орындалуы бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырып өткізді. Аталған шараға шағын және орта бизнес нысан иелері Жетісу облысының кәсіпкерлер палатасының Сарқан аудандық филиалының басшысы Елюбаева Сәния Абылайханқызы, аудандық «Сарқан» газетінің тілшісі Игіманов Жақсылық Жомартұлы барлығы 17 адам қатысты. Күн тәртібінде, аудан аумағында орналасқан сауда үйлері, азық-түлік дүкендері, дәріхана және т.б. шағын және орта бизнес нысандарының маңдайша жазулары, хабарландырулары, жарнамаларының жоғарыдағы аталған заңғы сәйкес орналастыру қажеттілігі бойынша талқыланып, басқа да баға көрсеткіштері, тауарлардың арнайы мәліметтері мен жапсырмаларындағы қаріп өлшемі нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптардан аспауға тиіс екендігі түсіндіріліп, көрнекі ақпараттардағы жіберілген қателер бойынша тіл заңнамаларын бұзған заңды тұлғаларға «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 75- бабына сәйкес шара қолданылатындығы жөнінде атйылып, өзара ақпарат алмасулар өтті.