Дайындық жұмыстары тексерілді

Сарқан аудандық мәслихатының хатшысы Қадыр Абдрахманов ағымдағы жылдың 12 мамырында аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының ақпан айындағы отырысында тыңдалған округ-тердегі бау-бақшаларды сумен қамтамасыз ету бойынша «Сарқан-ирригация» мекемесіне берілген  тапсырмалардың орындалуын қадағалау мақсатында Амангелді, Қарабөгет, Қойлық ауылдық округ-терін аралады. Сапар барысында Қадыр Сәкенұлы аталған ауыл округтерінің әкімдерімен, жергілікті қауымдастық төрағаларымен кездесті. 

Осы басқосуларда «Сарқанирригация» мекемесінің директоры Заманхан Әшірбеков әр нысан бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде хабарлама берді.

Әсіресе, Көкөзек ауылының Еспі ішкі тоғанының 150 метр аумағы  тазаланып, ауыл тұрғындарының  күшімен бөгет қойылады. Қарабөгет ауылына баратын Р-2 каналының 500 метр аумағының  зираттарға жақындап,  қауіп туғызуына орай  нығайту жұмыстары жасалынып, тазалануда. Сонымен қатар осы ауылдың   гидротехникалық құрылымдары қалпына келтірілді.  Бақалы, Ағарту ауылдарына  су жеткізетін  каналдар тазаланып, Қойлық ауылына баратын Р-1 каналдың аяқ жағындағы гидротехникалық құрылым ретке келтірілуде.

Осындай дайындық жұмыстарының нәтижесінде 15 мамырда Қойлық, Бақалы ауылдарына су толығымен берілетін болады.

Өз тілшіміз.

Мәліметпен бөлісу: