
«Ұлттық құрылтай — қазіргі даму үрдісіне бейімделген дала демократиясының жалғасы. Құрылтайлар бастапқыда халықтың өзіндік органы болған. Тарихшылардың айтуынша, бұрын құрылтайлардың саяси және салттық маңызы зор болған екен. Тайпа өкілдері әскери-саяси мәселелер бойынша, ханды сайлау, билікке тағайындау және басқа мәселелер бойынша бас қосып отырған. Осылайша, өзара іс-қимыл ретінде құрылтай демократияның негізі болды. Ал қазіргі форматтағы Ұлттық Құрылтай өңірлердің дамуына оң ықпалын тигізіп жатыр».
С. Садықов,
Сарқан ауданының құрметті азаматы.
