Даналық дариясы

Заманына қарай адамы болады. Ал адам пендешілікке дейін құлдырай да алады, азамат атанып, шарықтай да алады. Замана толқынының жалына бөлек дер кезінде жабыса білген сол адамның замандастарының көз құртына айналып, сөз өтпес суық сурет боп, қол жетпес құдай боп, құдіреттеніп кететіні де, көзден тайған күні-ақ көңілден өшетіні де шындық. Енді бір адамның көп арасындағы елеусіз қарапайым қалпынан жылдар озған сайын ұлылық биігіне көтеріліп,  халқының жүрегінен перзенттік, азаматтық орнын ойып алары да ақиқат. Осындай ұлттық тұлғаның бірегейі – Кәкімжан аға Қазыбаев. К.Қазыбаевтың тоқсан жылдығына орай мектебімізде түрлі  іс-шаралар өткізілді.

Мектебімізге ауданымыздың түкпір-түкпірінен арнайы шақырылған қонақтарымызға К.Қазыбаев атындағы мұражайы, кітапхана, көрме жұмыстары таныстырылды. К.Қазыбаев атындағы мұражайында танымдық жұмыстар атқарылып келушілерге ерекше әсер сыйласа кітапханамыздағы Кәкімжан атамыздың туындыларына арналған бұрыштан оқырмандар қауымы ол кісінің еңбектерімен танысып шығармаларды оқуға қызығушылық танытты. Ал, мектебіміздің дарынды оқушыларының қолөнер туындыларын тамашалаған қауым олардың еңбектеріне сүйсініп тәнті болды. Осылайша қонақтардың көңілінен шыға білген К.Қазыбаев атындағы мұражайдың, кітапхананың, көрме жұмыстарының орны ерекше болды.

Л.Далабаева, 

кітапханашы.

Э.Жунисова,

Р.Дубекова,

көркем еңбек пәні мұғалімдері.

Мәліметпен бөлісу: