
«Дені сау ұрпақ – болашақтың кепілі» деп қазақ халқымыз бекер айтпаған. Өйткені кез –келген елдің негізгі байлығы оның халқы. Еліміз тәуелсіз, дамыған, өзін қорғай алатын, мықты мемлекет болуы үшін ең бірінші халқы және келешек ұрпағымыздың жағдайы жақсы болуы керек. Тек сонда ғана әр халық өз елі, болашағы, ұрпақтан ұрпаққа қалар кең байтақ жері үшін күресе алады. Ол үшін деніміздің сау болуы керек. Деніміздің саулығы үшін бала күнімізден денсаулығымызды күтуді, жақсартуды, шынықтыруды үйренуіміз керек.
Дені сау ұрпақты тәрбиелеу үшін күн тәртібін дұрыс жоспарлау бала үшін өте маңызды. Әр адамның басқаларға ұқсамайтын өз күн тәртібі болады. Егер адам күн тәртібін сақтамаса, яғни дұрыс уақытымен ұйықтамаса ол адамның жұмыс істеуіне кедергі болып, зейінін төмендетіп, үнемі шаршап, көңіл күйі жоқ болып келеді. Деніміздің саулығы үшін бала күнімізден яғни балабақша барған күннен бастап, денсаулығымызды күтуді, жақсартуды, шынықтыруды үйренуіміз керек. Салауатты өмір салтын ұстанып, оның ережелерін, шарттарын сақтауымыз керек. Салауатты өмір салты дегеніміз – денсаулықты сақтауға, жақсартуға бағытталған біздің әрекеттеріміз. Яғни ерте тұрып, дұрыс тамақтану, күн тәртібін сақтау, спортпен шұғылдану, уақытымен дәрігерге қаралу, зиянды заттардан аулақ болу. Яғни деніміздің саулығы тікелей өзіміздің іс – әрекеттерімізге байланысты.
Ш. АХМЕТОВА,
медицина саласының ардагері.
