Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті қызметінің басым бағыттарының бірі мемлекеттік қызметтерді алу кезінде азаматтардың құқықтарын қорғау болып табылады.
Департаментпен «Е-лицензиялау» мемлекеттік қызметтерді көрсету порталы арқылы қашықтан байқау жүргізу барысында көрсетілетін мемлекеттік қызметтің тәртібін бұза отырып қызмет көрсету, яғни қызмет алушылардың өтініштерін уақытылы тіркелмеуі түріндегі фактілер анықталды.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №254 бұйрығымен бекітілген «Жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарын сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсаттар беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларының 5 тармағына сәйкес, көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.
Алайда, қашықтан байқау нәтижесінде Көксу, Қаратал, Сарқан және Ақсу аудандарының полиция бөлімдерімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтің тәртібін бұза отырып қызмет көрсету жөнінде – 11 ұқсас бұзушылыққа жол берілгендігі анықталды (оның ішінде: Көксу – 1, Қаратал – 2, Ақсу АПБ – 4, Сарқан АПБ –4).
Аталған бұзушылықтар бойынша Жетісу облысы Полиция департаменті басшысының атына тиісті хат жолданды және оны қарау қорытындысы бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың өтініштері тіркеліп, қызмет алушылардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.
Айта кету керек, жыл басынан бері ғана Департаментпен жүргізілген қашықтықтан байқау барысында мемлекеттік қызметтерді көрсетуде заңнаманы бұзудың 230 фактісі анықталған.
Анықталған бұзушылықтардың басым көпшілігі мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тәртібін бұзу болып табылады, оның ішінде қызмет алушылардың өтініштерін уақытылы тіркемеу және құжаттар топтамасы толық болмаған жағдайда бас тарту мерзімдерін бұзу.