Әдептілік әдемілік белгісі


Мемлекеттік қызмет қоғам өмірінде ерекше рөл атқарады. Мемлекеттік қызмет қоғам мүдделеріне адалдық танытуға және Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуга ықпал етуге септігін тигізеді. Әдептің қоғамдағы басты қызметі тұлғалық қатынастарды адамгершілік талаптарына сәйкес ретке келтірумен байланысты. Бұл сипатта Әдеп мәдениеттің іргелі бір құрамдас бөлігіне жатады. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінің стандарттарын белгілейтін Әдеп кодексі қоғамның мемлекеттік қызметшілерге сенімін нығайтуга және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларын алдын-алуға бағытталған. Мемлекеттік қызметтік әдептілік қағидаттарына келер болсақ, адал ниеттілік, адалдық, әділдік ашықтық, сыпайылық болып табылады. Нақтырақ айтқанда, адал ниеттілік қоғам игілігі үшін мемлекетке кәсіби және жауапты қызмет ету; адалдық өз міндеттеріне шынайылықпен қарау; әділдік жеке және заңды тұлғалардың қоғамдық топтары мен ұйымдарына ықпалына қарамастан кез-келген мән жайлар бойынша бір жақты кемсітуге жол бермеу болып табылады. Ал ашықтық жұртшылдықпен жұмыс істеуге дайын болу және өз іс қимылдарын ашықтығын қамтамасыз ету. Ұжымда түсіністік пен сенім атмосферасын қалыптастыру, сондай-ақ қызметтік әдеп нормаларын сақтау; сыпайылық азаматтармен әріптестерге дұрыс және құрметпен қарау болып табылады. Мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге іскерлік пен ұстамдылыққа сай болуы тиіс. Кәзіргі уақытта әрбір мемлекеттік қызметші тікелей халықпен жұмыс жасайтындықтан, оның басты міндеті әдеп нормаларын сақтап, қарапайым болуы керек.
 

                                                          Аудан әкімі аппаратының басшысы

әдеп жөніндегі уәкіл Б.Ермуханбетов

Мәліметпен бөлісу: