Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен коронавирустың таралуының алдын алу жолында республикада төтенше жағдай енгізілгені жұртшылыққа мәлім.
Осыған орай Сарқан аудандық мәслихатының депутаттары Сания Елюбаева, Мұрат Тусупов, Жомарт Игіман, Ермек Алинов, Аслан Абдрахманов аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау басқармасының, аудандық кәсіпккерлік бөлімінің, аудандық полиция бөлімінің өкілдерімен бірге бірнеше топқа бөлініп, сауда орталықтарына рейд жүргізді.
Рейд барысында сауда орындарының санитарлық жағдайы тексеріліп, жауапты адамдарға ескерту жасалды. Сондай-ақ азық-түлікпен дәрі – дәрмек бағаларының негізсіз өсірілмеуі назарға алынды.