Депутаттармен кездесу өткізілді

2025 жылғы 25 сәуір күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Бақытжан Жұмабекұлы Базарбек және Мұрат Абдуламитұлы Әбенов «Жер аманаты» жобасы аясында кездесу өткізді.

Кездесуге Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жер ресурстарын басқару комитеті Жердің пайдалануы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау басқармасының басшысы Марат Әубәкірұлы Қаженов, Сарқан ауданының әкімі Ғалымжан Қанатұлы Маманбаев, «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалының төрағасы Арыстанғали Қадырұлы Арын, Ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы, Амангелді, Бақалы ауылдық округтерінің әкімдері, ауыл азаматтары мен шаруа қожалығының басшысы қатысты.
Кездесу барысында Бақалы және Амангелді ауылдық округтерінде пайдаланылмай жатқан және заңсыз пайдаланып жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтарып, жергілікті халықтың игілігіне жарату мәслелері айтылды .

Мәліметпен бөлісу: