Жуырда депутат Мұрат Түсіповтың төрағалығымен аудандық мәслихат жанындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының жиналысы болып, оған аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Аслан Кубентаев және «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясы мүшелері, аудандық бөлім басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Депутаттық фракция жиналысында аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы, полиция майоры Мұрат Қалиасқаровтың ішкі тәртіп бойынша есебі, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Жандос Өмірсадықтың 2019 жылғы атқарылған жұмыс нәтижесі туралы есебі тыңдалды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудандық мәслихат жанындағы депутаттық фракция мүшелері аталған салалардың жұмыстарын жандандыру бағытында сауалдар қойып, бөлім басшыларының жауаптарына қанағаттанды.
Жомарт ИГІМАН,
аудандық мәслихаттың депутаты.