Әділет органларының қызметі

Әділет органдарының құқықтық мәртебесі мен қызметінің негізін анықтайтын нормативтік құқықтық актісі – 2002 жылдың 18 наурызында қабылданған «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы болып табылады. Қазіргі таңда ҚР әділет органдары өз құзыреті шеңберінде мемлекет қызметін құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, лауазымдық тұлғалар мен азаматтардың заңдылық тәртібін қолдайтын, ҚР азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ететін атқарушы биліктің органдары қатарында.

Қазақстанның әділет органдары ұлттық заңнаманы қалыптастыруға қатысады, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау аясында мемлекеттік саясатты, сараптамалық-сот қызметін, сот актілерінің орындалуын жүзеге асырады, сонымен қатар барлық деңгейлердегі нормативтік құқықтық актілерді, коммерциялық емес ұйымдардың заңды тұлғаларын мемлекеттік тіркеуге алады, коммерциялық ұйымдардың заңды тұлғаларын тіркеу және жылжымайтын мүлік құқығын тіркеу аясында әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

Мәліметпен бөлісу: